Categories Жайық news

Мемлекеттік кірістер комитеті ескерту жасады: Кәсіпкерлер осы қателікке байланысты оңайлатылған режимге өте алмай жүр

Қазақстандағы көптеген кәсіпкер оңайлатылған декларация режиміне ауысу кезінде қиындыққа тап болып, өтініштері кері қайтарылып жатыр. Мемлекеттік кірістер комитеті мұның негізгі себебін атады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Ведомствоның хабарлауынша, өтініштердің қабылданбауына Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (ЭҚЖЖ) кодтарының қазіргі жіктеуішке сәйкес келмеуі себеп болып отыр.

Тәжірибе көрсеткендей, салық төлеушілер көбіне өзгертілген немесе тіпті күшін жойған ескі кодтарды пайдаланады. Мысалы, бұрынғы 86900 коды қазір 86901 және 86909 болып жаңартылған, ал 62022 коды жіктеуіштен толығымен алынып тасталған.

Осыған байланысты комитет өтініш жібермес бұрын кәсіпкерлерге тіркеу деректерін ЭҚЖЖ-ның өзекті нұсқасына сәйкестендіріп, жаңартып алуға кеңес береді. Деректерді ретке келтіргеннен кейін ғана өтінішті қайта тапсыруға болады.

Мемлекеттік кірістер комитеті оңайлатылған салық режиміне өту туралы хабарламаны 2026 жылдың 1 наурызына дейін тапсыруға болатынын еске салды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазақстанның туристік саласы тұрақты өсімді көрсетуде

2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстанға 3 млн шетелдік саяхатшы келді, ал шетелге шыққан…

АЙМАҚ БАСШЫСЫ БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КӘСІБИ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады. Аймақ басшысы өздеріне жүктелген…

ОБЛЫС ӘКІМІ НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚ ЖӘНЕ БІРҚАТАР МЕМЛЕКЕТТІҢ ЕЛШІЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісі Алешка Симкич бастап келген мәртебелі меймандармен кездесті.…