Қазақстан жасанды жаңбыр жаудыруды бастайды: алғашқы кезеңде 4 аймақ

Қазақстан жасанды жаңбыр технологиясын енгізетін алғашқы елдердің қатарына қосылмақ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Дүниежүзілік метеорология ұйымының президенті Абдулла Әл-Мандусты қабылдап, осы бағыттағы ынтымақтастықты талқылады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Кездесуде жасанды жаңбыр технологиясын енгізудің алғашқы кезеңі талқыланды. Жоба алдымен төрт аймақта – Атырау, Маңғыстау, Қызылорда және Түркістан облыстарында сыналады. Бұл өңірлерде қуаңшылық жиі кездеседі, ал жасанды жаңбыр ауыл шаруашылығына үлкен көмек болмақ.

«Біздің мақсатымыз – климаттың өзгеруіне бейімделу. Жасанды жаңбыр – заманауи әрі тиімді тәсіл. Бірлескен жұмыс нәтижесінде Қазақстанда метеорологиялық зерттеулерді дамытуға мүмкіндік туады», – деді Абдулла Әл-Мандус.

Технологияны енгізуге Біріккен Араб Әмірліктерінің мамандары көмектеседі. Олардың тәжірибесі – әлемдегі ең озықтардың бірі. Қазақстандық ғалымдар да осы бағытта білім алып, жергілікті жағдайға бейімделген әдістерді әзірлемек.

Ұқсас жазбалар

Қазақстан аумағы арқылы 13 ірі халықаралық көлік дәлізі өтеді

Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-логистика саласы еліміздің ұзақмерзімді даму стратегиясындағы маңызды бағыттардың бірі екенін айтты.

Президент Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші отырысын өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізіп, экономика мен саяси бағытты жаңа…

Астанада «Таза Қазақстан – Таза Астана» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Астана күні қарсаңында елордада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған «Таза Қазақстан – Таза…