Categories Көңіл ашар

Астанада 2000 оқушы бір мезетте «Алтын ұя» күйін шертті

Астана қаласында 2000-ға жуық оқушы бір мезетте «Алтын ұя» күйін орындады. Іс-шараға қала мектептерінің оқушылары қатысып, күйші-композитор Қаршыға Ахмедияровтың әйгілі туындысын шертті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұл — елордадағы бірегей мәдени шара. Оқушылардың бір мезетте домбыра тартуы көпшілікті тамсандырды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мақсат — жастарды ұлттық өнерге баулу және патриоттық рухты көтеру.

«Балалардың қазақ күйін сүйіп орындауы — біз үшін үлкен мақтаныш. Осындай шаралар ұлттық құндылықтарды дәріптеуге зор үлес қосады», — деді іс-шараны ұйымдастырушылардың бірі.

Қаршыға Ахмедияровтың «Алтын ұя» күйі қазақ халқының бірлігі мен берекесін бейнелейді. Оқушылардың бірге орындауы күйдің мәнін аша түсті. Шара соңында қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.

Ұқсас жазбалар

Димаш Құдайберген Madison Square Garden концерті туралы деректі фильмнің трейлерін көрсетті

Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасындағы концертіне дайындық туралы деректі фильмнің трейлерін жариялады.

Астаналық гимнаст Испанияда екі қола медаль жеңіп алды

Астаналық гимнаст Ақмарал Ерекешева Испаниядағы клубтық чемпионатта екі қола медаль жеңіп алды.

Отандық фильмдер прокатқа шығар алдында сараптамадан өтеді

Отандық фильмдер прокатқа шығарылмас бұрын арнайы сараптамадан өткізіледі. Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі…