Categories Қоғам

184 жас «Болашақ» стипендиясының иегері атанды

Сурет: istockphoto.com

Әлемнің үздік университеттері мен ғылыми орталықтарында білім алуға мүмкіндік беретін «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері анықталды. Биыл 184 жасқа «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Оның ішінде 137 жас магистратура бағдарламалары бойынша, 10 азамат докторантурада білім алады, ал 37 маман кәсіби тағылымдамадан өтеді. Сонымен қатар 51 білімгер әлемнің жетекші ғылыми-зерттеу орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болды.

Грант иелерін анықтаған республикалық комиссия отырысында «Болашақ» бағдарламасы аясында бакалавриатқа үміткерлерге арналған халықаралық олимпиадалар мен ғылыми конкурстар тізбесі де кеңейтілді. Сонымен бірге бағдарлама тетіктерін жетілдіруге бағытталған бірқатар мәселе қаралды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шешімдер бағдарламаның ашықтығын арттырып, талантты жастарды қолдауға бағытталған.

Грант иегерлерінің толық тізімі «Болашақ» бағдарламасының ресми сайтында жарияланған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Халықаралық бағдарламалар орталығы басқарма төрағасының орынбасары Абай Рахмет «Болашақ» стипендиясы 10-15 пайызға артуы мүмкін екендігін айтқан болатын.

Ұқсас жазбалар

ОБРАЩЕНИЕ Центральной избирательной комиссии

УВАЖАЕМЫЙ ИЗБИРАТЕЛЬ! 23 августа 2026 года впервые в истории Республики Казахстан состоятся выборы депутатов Курултая.…

Орталық сайлау комиссиясының ҮНДЕУІ

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫ! 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасының тарихында тұңғыш рет Құрылтай депутаттарын сайлау өтеді.…

Қазақстанда жаңғыртудан кейін 30 теміржол вокзалы ашылды

Еліміздің біраз өңірлерінде жүргізілген ауқымды реконструкциядан кейін 30 теміржол вокзалы мен жолаушылар инфрақұрылымы нысандары пайдалануға…