Categories Спорт

Марокко мен Бразилия футболшылары алаңда тең түсті

Сурет: Egemen Qazaqstan

Бразилия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатындағы алғашқы ойынында жеңіске жете алмады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

С тобындағы Мароккоға қарсы матч 1:1 есебімен аяқталды. Кездесу тартысты өтіп, қауіпті сәттерге толы болды. Есепті алғаш болып марокколықтар ашты. 21-минутта Исмаэль Сайбари қарсылас қақпасына жеке дара шығып, Алиссонды әдемі соққымен алдап, командасын алға шығарды. Бразилиялықтар бірінші таймда-ақ жауап қайтарды. 32-минутта Винисиус Жуниор ойынды өз қолына алып, қапталдан айып алаңына қарай ойысып, дәл соққымен таразы басын теңестірді.

Үзілістен кейін екі құрама да жеңіс голын соғуға ұмтылды. Алайда қақпашылар мен қорғаушылар сенімді ойын көрсетіп, қарсыластарға мүмкіндік бермеді. Қорытынды есеп 1:1. Осылайша, Бразилия мен Марокко турнирді бір ұпайдан бастап отыр. С тобында Гаити мен Шотландия құрамалары да өнер көрсетеді.

Екінші турда Бразилия 20 маусым күні Астана уақытымен сағат 05:30-да Гаитимен кездеседі. Ал Марокко Шотландияға қарсы ойнайды. Бұл матч Астана уақытымен сағат 03:00-де басталады.

Ұқсас жазбалар

АҚШ Босния және Герцеговинаны 2:0 есебімен жеңіп, әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты

АҚШ құрамасы әлем чемпионатының 1/16 финалында Босния және Герцеговинаны 2:0 есебімен жеңіп, 1/8 финалға өтті.

Қазақстандық жасөспірімдер Паттайядағы Азия біріншілігінде 20 жүлде жеңіп алды

Қазақстандық жасөспірімдер Паттайядағы Азия біріншілігінде 20 жүлде жеңіп алды, оның 4-уі алтын, 5-еуі күміс, 11-і…

Әлем чемпионатының 1/8 финалындағы 5 командалық жұп анықталды

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалындағы 5 командалық жұп анықталды. Алғашқы болып Канада мен…