Categories Жайық news

Зачаганскідегі оқиғаға полиция түсініктеме берді

Орал қаласында мессенджерлер арқылы Зачаганск шағын ауданында мектеп оқушысына шабуыл жасалғаны туралы хабарламалар тарап жатыр. Көпшілікке таратылған дауыс жазбаларында бейтаныс ер адамның жас қызға шабуыл жасап, зорлық көрсеткені айтылған. Деректердің кейбірінде жәбірленушінің жасы 10-да, енді бірінде 15-те деп көрсетілген.

Дауыстық хабарламаларда оқиға 29 қыркүйек күні кешке, қыз бала мектептен қайтып келе жатқан сәтте болғаны айтылады. Белгісіз адамдар оны қылқындыруға тырысып, орманға тастап кеткен-мыс. Жәбірленуші тірі қалып, туыстарына хабарласқан деген мәлімет те бар.

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті бұл іс бойынша толық мәлімет бермеді, бірақ кәмелетке толмағанға қатысты заңсыз әрекеттер бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады.

«Қазіргі уақытта қылмысқа қатысы бар тұлғаны ұстауға бағытталған кешенді жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде», — деп мәлімдеді БҚО ПД бастығының орынбасары Ұланбек Абылқайыр.

Тәртіп сақшылары әлеуметтік желілерде тарап жатқан расталмаған деректерге сенбеуге және ресми ақпарат көздерін пайдалануға шақырды.

Ұқсас жазбалар

Менің Оралым

Батыс Қазақстанның жүрегінде орналасқан Орал қаласы – тарих пен заманауи өркениет тоғысқан ерекше мекен. Еуропа…

Оралдың жылу жүйесі жаңарды

Қаланың инфрақұрылымдық жүрегі – жылу жүйесі. Әкім Мұрат Байменовтың айтуынша, соңғы жылдары бұл салада ауқымды…

Оралда жаңа мектептер салынып, білім инфрақұрылымы жаңарып келеді

Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов халық санының өсуіне байланысты жаңа мектептер салудың маңыздылығын атап өтті.…