Categories Жайық news

Оралда екі орталық алаң жаңартылуда

Орал қаласында тұрғындар жиі баратын қоғамдық орындар жаңарып жатыр. Қазіргі таңда С.Датұлы атындағы алаң мен Батыр қыздар алаңында жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Жоба аясында:

  • алаңдардағы өрнектастар толық ауыстырылып,
  • жарықтандыру жүйесі жаңартылып, заманауи шамдар орнатылды,
  • тұрғындар үшін жаңа орындықтар мен қоқыс жәшіктері қойылды.

Сонымен қатар Батыр қыздар алаңында ұзындығы 75 метр болатын арық жүйесі қайта жасалды.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, жұмыстардың негізгі бөлігі аяқталып, екі алаң жақын күндері тұрғындардың игілігіне ұсынылады.

Жаңарған демалыс орындары оралдықтар үшін жайлы серуен құратын, балалар ойнап, ересектер тынығатын қолайлы орталыққа айналмақ.

Ұқсас жазбалар

ОБЛЫС ӘКІМІ МАЙДАНГЕРЛЕРГЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ МЕРЕКЕЛІК ҚҰТТЫҚТАУЫН ЖЕТКІЗДІ

Жеңіс күніне орай облыс әкімі Нариман Төреғалиев майдангерлердің шаңырағында болып, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мерекелік…

БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР БАТЫРЛАР РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЕТТІ

Бүгін өңір тұрғындары Жеңіс алаңына жиналып, Отан үшін от кешкен батырлардың рухына тағзым етті. Мәңгілік…

Ұлттық ұланда «Сарбазға прокурорлық кеңес» акциясы өтті

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында елордадағы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінде…