Байқоныс ауылында жаңа «Келешек мектебі» ашылды

2 қыркүйек – Білім күні қарсаңында Байқоныс ауылында «Қадыр Мырза Әлі атындағы жалпы орта білім беретін қазақ мектептің» жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Бұл жоба Мемлекет басшысының апатты және үш ауысымды мектептерді азайту тапсырмасы аясында іске асты. Ашылу салтанатында құттықтау сөзді БҚО әкімі Нариман Төреғалиұлы арнап, бұл жобаның маңыздылығын атап өтті.
Мектеп заманауи білім беру талаптарына толықтай сай:
• STEM, робототехника, визуалды дизайн, хореография кабинеттері
• Ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған сенсорлық және инклюзивті кабинеттер
• Кең, жарық оқу бөлмелері, спорт және акт залдары
Ардагер ұстаз Таубай Қуаныш Ғиниятұлы да сөз алып, ауыл үшін бұл оқиғаның тарихи сәт екенін жеткізді.
Мектеп кілті «Antarium Group» ЖШС бас директоры Ерлан Атажан тарапынан табысталды.
Салтанатты лента қию құрметіне облыс әкімі мен ардагер ұстаз қатысты.
БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұқсас жазбалар

Атыраудағы қанды оқиға: Күдікті туыстарын айлар бойы кезекпен өлтірген

Атырау облысындағы Қарабалиндер әулетінің өліміне қатысты күдікті туыстарын бірнеше ай бойы кезекпен өлтіргені анықталды.

Астана мен Ақтау арасындағы ұшақтар саны артады: жаңа кесте

Жолаушылар ағынының көбеюіне байланысты Астана мен Ақтау арасындағы рейстер күніне 4 ретке дейін артады.

Алматыда аялдамада зейнеткерді тепкілеген ер адам ұсталды: бейнежазба айғақ болды

Алматыда аялдамада зейнеткерді аяусыз тепкілеген ер адам полициямен ұсталды. Оқиға бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарап, күдікті…