Categories Қоғам

Ер адам 8 жасар қызды алып кетпек болған…

AtyrauPress тілшісінің хабарлауынша, Атырау қаласы, Нұрсая Болашақ мөлтек ауданында белгісіз ер адам 8 жасар қызды алып кетпек болған.

Куәгерлер бұл әрекетті байқап, оны тоқтатып, қызды аман-есен қайтарған. Олар дереу полицияға хабар бергенімен, ер адам оқиға орнынан қашып кеткен.

Куәгердің айтуынша, олар шамамен 30 минут полицияны күткен. Полиция келмеген соң қыздың анасымен бірге олар өздері құқық қорғау органдарына барған. Оқиға 2025 жылдың 29 қыркүйегінде, сағат шамамен 21:00-де болған.

Атырау облысы полиция департаментінің хабарламасы:

«Осы дерек бойынша полиция қызметкерлері 1987 жылы туған күдіктіні анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта оның үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде. Қалған мәліметтер тергеудің мүддесіне байланысты жарияланбайды».

Ұқсас жазбалар

Медбикелер күні: Жайық өңіріндегі мейірім жанашырлары

12 мамыр – Халықаралық медбикелер күні. Жайық өңіріндегі медбикелердің еңбегі ерекше бағаланады.

Астанада Geo Star олимпиадасы: жеңімпаздар кімдер?

Астанада Geo Star ұлттық география олимпиадасының финалы өтіп, жеңімпаздар анықталды. Бірінші орынды Алматы оқушысы алды.

15 мамыр — Халықаралық отбасы күні  

15 мамыр — отбасының қоғамдағы маңызын айқындайтын ерекше күн. Бұл күн — сыйластық пен сүйіспеншілікке,…