Categories Жайық news

Сербия президентіне ерекше құрмет: Тоқаев «Алтын Қыран» орденін тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Сербия арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға қосқан өлшеусіз үлесі үшін Сербия Президенті Александр Вучичті еліміздің ең жоғары мемлекеттік наградасы – «Алтын Қыран» орденімен марапаттады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Вучичті халықтың қолдауына сүйеніп, елін алға жетелейтін нағыз көшбасшы әрі беделді саясаткер екенін атап өтті.

Сербия Сіз жүргізіп отырған салиқалы саясаттың арқасында зор жетістіктерге жетіп, өркендеп келеді. Халықаралық беделі де арта түсті. Алдағы уақытта еліңіз Сіздің парасатты басшылығыңызбен жаңа белестерді бағындыра береді деп сенемін. Сербия – Қазақстанның Балқан түбегіндегі сенімді серіктесі. Екі елдің қарым-қатынасы өзара қолдауға, түсіністік пен мызғымас достыққа негізделген, – деді Президент.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы екіжақты сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың нығайып келе жатқанын, ал қазіргідей алмағайып заманда әріптестікті жандандырудың маңызы зор екенін жеткізді.

Президент орденді тапсыру сәтінде бұл марапаттың символдық мәніне тоқталды.

Бұл – қазақ жұртының Сізге және Сербия халқына деген зор ризашылығы және ерекше құрметінің белгісі. Өзіңізді шын жүректен құттықтаймын! Осы марапат екі елдің қарым-қатынасын одан әрі дамытуға ықпал етеріне кәміл сенемін. Қос халықтың достығы жасай берсін! – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

«Ауыл аманаты» ауылды дамытуға серпін беруде: Қаратөбе ауданында сүт өндірісінің ауқымы кеңейіп келеді

Ауыл кәсіпкерлігін қолдауға «AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» жобасы айрықша ықпал етуде. Мәселен, Батыс Қазақстан облысы…

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.