Categories Саясат

Әділ еңбек, қауіпсіз жұмыс, лайықты жалақы: Максим Рожин жаңа Конституцияның маңызды тұсын атады  

Жаңа Конституцияның нормалары өндіріс орындарындағы адамдар үшін нақты, өмірлік мәнге ие. Бұл туралы Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Мәжіліс депутаты Максим Рожин мәлімдеді.

«Еңбек адамы – экономиканың құралы емес, мемлекеттің басты құндылығы. Жаңа Конституция жобасының негізгі идеясы — мемлекет үшін ең қымбат нәрсе өндіріс көлемі немесе пайда емес, адамның өзі. Жобада әркімнің: еңбек етуге, қауіпсіз жағдайда жұмыс істеуге, еңбегі үшін кемсітусіз әділ ақы алуға құқығы конституциялық деңгейде бекітіледі», – деді ол өз сөзінде.

Максим Рожинның айтуынша, жаңа Ата заңның жобасында еңбек саласына тікелей қатысты бірқатар маңызды жаңашылдықтар қарастырылған. Соның ішінде мемлекеттің еңбекке құқықты конституциялық деңгейде бекітуі ерекше маңызға ие. Сондай-ақ қауіпсіздік пен гигиена талаптарына сай еңбек жағдайларына құқықты заң жүзінде айқындау көзделген. Бұл нормалар жұмыс барысында туындауы мүмкін кәсіби аурулардың алдын алуға, өндірістік жарақаттануды азайтуға, сондай-ақ азаматтардың еңбекке қабілеттілігі мен өмір сапасын сақтауға бағытталған.

«Мұндай нормалар еңбек қауіпсіздігіне қатысты жауапкершілік міндетін – мемлекет пен жұмыс берушінің конституциялық міндеті деңгейіне көтереді. Әсіресе негізінен жалдамалы жұмыскерлерден тұратын әлсіз салаларды реттеудің нақты тетігін қалыптастырады», – деп атап өтті мәжіліс депутаты.

Адал еңбек үшін әділ сыйақы алу құқығының әлеуметтік маңызы зор. Бұл норма азаматтардың еңбегі кәсіби өлшемдерге сай әділ бағаланатынына кепілдік береді. Рожинның айтуынша, қарапайым азаматтар үшін бұл тұрақты жұмыспен қамтылу, қауіпсіз еңбек жағдайлары және еңбегі үшін әділ ақы алуға деген сенімнің нығаюын білдіреді.

 

Ұқсас жазбалар

Дипломатия Токаева меняет баланс сил в Центральной Азии   

Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев подтвердил своё приглашение наследному принцу Мухаммеду бен Салману посетить Казахстан…

Казахстан усиливает стратегическую роль в Центральной Азии

Встреча Касым-Жомарта Токаева с послом Саудовской Аравии Файсалом Аль-Кахтани стала сигналом того, что саудовское направление…

Үкімет 2026–2030 жылдарға арналған боксты дамыту тұжырымдамасын бекітті

Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында 2026–2030 жылдарға арналған боксты дамыту тұжырымдамасын…