Олжас Бектенов көлік саласын дамыту жолдарын талқылады: әуе, теңіз, теміржол

Премьер-министр Олжас Бектенов көлік саласын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді. Жиында ұлттық жүк әуе компаниясын дамыту, теңіз және теміржол тасымалдарын ұлғайту жолдары қаралды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Премьер-министр мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау барысын пысықтады. Атап айтқанда, ұлттық жүк әуе компаниясын құру және оның тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті шаралар талқыланды.

«Бізге әуе тасымалы нарығында бәсекеге қабілетті компания құру маңызды. Сонымен қатар теңіз және теміржол тасымалдарын дамыту арқылы транзиттік әлеуетімізді арттыруымыз керек», — деді Олжас Бектенов.

Жиында ведомство басшылары атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндады. Кеңес қорытындысы бойынша тиісті тапсырмалар берілді.

Ұқсас жазбалар

Путин Қазақстанға келді: Ақордада келіссөздер өтеді

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға ресми сапармен келді. Ақордада екі ел басшылары келіссөз жүргізеді.

Алматыдағы апат: полиция қызметкерінің ісі сотқа жіберілді

Алматыдағы жол апатында бір адам қаза тапқан полиция қызметкерінің ісі сотқа жолданды. Тергеу аяқталып, күдікті…

28 мамырда Қазақстанда бұршақ, найзағай күтіледі: дауылды ескерту

28 мамырда Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райы күрт нашарлайды: бұршақ, қатты жаңбыр және найзағай күтіледі.