Алматыдағы колледждердің бірінде оқытушының студенттің басын нысанаға алып, пневматикалық қарудан оқ атқан сәті түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.
Желідегі мәліметтерге сәйкес, бұл оқиға Алматы сәулет, дизайн және инженерия колледжінде алғашқы әскери дайындық (АӘД) сабағы кезінде болған. Қоғамда үлкен талқы тудырған жайтқа қатысты колледж басшылығы ресми мәлімдеме жасап, оқиғаның болғанын растады.
“Алматы сәулет, дизайн және инженерия колледжінде сабаққа қатысы жоқ жағдай болды. Оқытушының топпен бейресми қарым-қатынасы кезінде жауынгерлік оқ-дәрі қолданылмай, пневматикалық мылтықтан жұмсақ затпен (мақта) оқ атылды. Ешкімге зиян келген жоқ. Бұл әрекет оқыту әдісі де, жазалау түрі де емес. Колледж әкімшілігі педагогикалық этика мен қауіпсіздік техникасы талаптарының бұзылғанын мойындайды”, – делінген ресми хабарламада.
Басшылықтың айтуынша, оқытушының бұл әрекеті – студенттермен сабақтан тыс уақыттағы бейресми қарым-қатынасының бір бөлігі болған.
Фото: Әлеуметтік желіден

