Сөз бостандығы шектелген ел – демі тарылған қоғаммен тең.
Ондай елде шындық сыбырлап айтылады, ал қорқыныш дауыстап сөйлейді. Әр журналист өз қаламын емес, өз тағдырын тәуекелге тігеді.
Билікке ұнамаған ой – “жалған ақпарат”, оппозициялық пікір – “тәртіпсіздікке шақыру” болып жазылады. Осылайша, сөздің қадірі қылмысқа теңестіріліп, халықтың үнін өшіру – “тұрақтылық” деп аталады.
Бірақ шынайы тұрақтылық – қорқынышта емес, ашықтықта. Еркін пікір айтыла алмаған елде әділ шешім де, сенімді билік те болмайды.
Жабық қоғамда өсетін жалғыз нәрсе – үрей мен өтірік.
Адам баласы еркін ойламайынша, ел де еркін болмайды. Ал сөз бостандығы – сол еркін ойдың ең алғашқы тынысы.
Сол тынысты тұншықтырған сайын, қоғамның жүрегі де соғуын баяулата береді.
Бердалы ОРАЗ

