Categories Жайық news

«Сара апамыздікі — рухани ауру» — Сара Назарбаева турады тың дерек шықты

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жары, қоғам қайраткері Сара Назарбаева Алматыдағы Ұлттық госпитальда ем қабылдап жатыр.

Фото: facebook.com/bobek.samopoznanie

Госпиталь басшысы Асхат Браловтың айтуынша, Назарбаеваға қажетті медициналық көмек толық көлемде, белгіленген стандарттарға сай көрсетіліп жатыр. Ол білікті дәрігерлердің бақылауында. Алайда диагнозы мен нақты денсаулық жағдайы медициналық құпияға жататын болғандықтан, бұл ақпарат ресми түрде жарияланбаған.

Бұған дейін Назарбаевтар әулетіне жақын тұлғалардың бірі, дінтанушы әрі қоғам қайраткері Бейбіт Сапаралы «Sadaq» медиа агенттігінің «Дүрбі» жобасына берген сұхбатында Сара Алпысқызының қазіргі жағдайына қатысты тың деректермен бөліскен еді.

“Сара апамыз тірі. Оны байыппен, абайлап айтуымыз керек. Жасы келді – 85-те. Соңғы жылдары ел көзіне сирек көрінді. Бұл жерде саяси талдау жасау мақсат емес. Бір кезде ұйыған әулет – Айсұлтан немересінің қазасы, Рахат пен Дариғаның оқиғасы – бәрі әйел адам үшін ауыр. Сара апамыз бәріне жанашыр, бәрін жақсы көреді. Сол ауыртпалықтар жүрегіне салмақ салды”, – дейді Сапаралы.

Сондай-ақ ол экс-президент Назарбаевтың өзі де жұбайының жанында болғанын айтты:

“Көмекшілерінен естідім: қатты ауырған кезде Елбасы арнайы ұшып келіп, үш күн бойы қасында болған. Дәрігерлер ‘жағдайы ауыр’ деп айтқан екен. Мұнда бастысы – адам тағдыры. Сара апамыздың ауруы – тән емес, рухани сырқат. Балалары мен отбасының тағдырын уайымдап, іштен күйзелген”, – деп түйіндеді қоғам қайраткері.

Айта кетейік, Сара Назарбаева – ұзақ жылдар бойы балалар мен отбасы мәселелерімен айналысқан, әлеуметтік жобаларға бастамашы болған танымал тұлға. Оның қазіргі жағдайы қоғам назарында.

Ұқсас жазбалар

Талғарда ер адамды мылтықпен атып өлтірген күдікті ұсталды

Талғарда ер адамды мылтықпен атып өлтірген күдікті ұсталды,-деп хабарлайды Жайықмедиа.кз. Талғар ауданында жас жігіт кісі…

БҚО жылыту маусымына дайындықты пысықтап жатыр

Батыс Қазақстан облысында 2025–2026 жылғы жылыту маусымына дайындық мәселелері талқыланды. Кеңесті облыс әкімі Нариман Төреғалиев…

Alatau City – Қазақстандағы алғашқы цифрлық қала болмақ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке 10 күннің ішінде Алатау қаласына арнайы мәртебе беру туралы жарлық жобасын…