Categories Жайық news

Reuters: Шетелдіктердің «ыстық ақшасы» теңгені құнсыздандыруы мүмкін

Шетелдік инвесторлардың қысқа мерзімді салымдары ұлттық валютаға қауіп төндіруде. Олар жоғары мөлшерлемеге қызығып, теңгелік облигацияларға қомақты қаржы құйғанымен, кез келген сәтте капиталын әкете алады, бұл теңгенің күрт құнсыздануына әкелуі мүмкін, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Reuters агенттігінің жазуынша, Қазақстан жылдам пайда табуды көздейтін «ыстық ақша» ағыны тартылған елдердің қатарына енген. Мұндай қызығушылықтың арты үлкен қауіпке ұласуы ықтимал. Инвесторлар жергілікті валютадағы жоғары кірісті бағалы қағаздарды жаппай сатып ала бастаған.

Агенттік дерегінше, Қазақстан – жоғары кірісті қамтамасыз ететін негізгі бағыттардың бірі. Алайда алыпсатарлық капиталдың келуі тұрақтылыққа кепілдік бермейді. Капитал кез келген сәтте сыртқа ағылса, нарық күрт құлдырауы мүмкін.

«Қазақстан сияқты кейбір экономикалар инвесторларды тарту үшін жоғары мөлшерлемені ұстап, валюта бағамын бақылайды. Бұл нарықты қысқа мерзімде тартымды еткенімен, жаһандық ағындар кері бұрылған жағдайда өте осал қылады. Мысыр мен Нигерия сияқты елдерде инвесторлардың кенеттен кетуі ұлттық валютаның күрт құнсыздануына әкеліп соқты. Егер нарық қатысушылары капиталды жаппай шығара бастаса, Қазақстан да осы сценарийді қайталауы мүмкін», — деп жазады басылым.

Сарапшылардың ескертуінше, қысқа мерзімді бағалы қағаздарға шетелдіктердің көптеп қатысуынан туындаған тұрақтылық иллюзиясы тез сейілуі мүмкін. Сол кезде валюта нарығы қысымға ұшырап, теңге құлдырау алдында қалады.

Фото: Envato Elements

Ұқсас жазбалар

Елдің бір бөлігінде аяз, енді бірінде – боран: Қазақстандықтарды демалыста қандай ауа райы күтіп тұр?

Синоптиктер алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады. Елдің кей аймақтарында аяз болса, кейбірінде…

Клиника басшысынан 1 млн теңге бопсалаған: Түркістандық блогердің үстінен іс қозғалды

Түркістан облысында клиника басшысынан 1 миллион теңге бопсалады деген күдікпен 32 жастағы блогер әйел ұсталып,…

«МЕН ОҚЫҒАН 30 КІТАП» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫНА 1 МЛН ТЕҢГЕ БЕРІЛЕДІ  

Казталов аудандық «Ауыл айнасы» қоғамдық-саяси газетінің 95 жылдық мерейтойы аясында «Мен оқыған 30 кітап» жобасының…