Categories Жайық news

Ресейдегі ірі комбинаттан екі қазақстандықтың денесі табылды

Ресейдің Череповец қаласындағы металлургия комбинатының аумағынан мердігер компанияда жұмыс істеген екі Қазақстан азаматының денесі табылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Қайғылы жайтты ресейлік «Северсталь» компаниясы растады. Мәлімет бойынша, марқұмдардың мүрдесі 14 қаңтар күні Череповец металлургия комбинатының өндірістік алаңынан шыққан.

«Қазіргі уақытта марқұмдардың өлімінің себептері тексеріліп жатыр, оқиға орнында арнайы қызметтер жұмыс істеуде», – делінген компания таратқан хабарламада.

Бұл оқиғаға қатысты Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің Вологда облысы бойынша басқармасы да түсінік берді. Ведомствоның хабарлауынша, оқиға орнына Череповецтегі тергеу бөлімінің қызметкерлері барып, қажетті процессуалдық әрекеттерді жүргізіп жатыр. Қазір қайғылы жағдайдың нақты себептері анықталуда.

Фото: vologda.sledcom.ru сайтынан

Ұқсас жазбалар

Қазақстан мұнайының экспорты азайды: Еуропада баға шарықтап, тапшылық басталды

Қазақстаннан келетін мұнай экспортының азаюы Еуропада бағаның шарықтауына және CPC Blend маркасының тапшылығына әкеп соқты.

«АУЫЛ АЙНАСЫ» — 95 ЖЫЛ

«ЕРЕН ЕҢБЕК» ИЕСІНЕ ҚҰРМЕТ Казталов аудандық «Ауыл айнасы» қоғамдық-саяси газетінің 95 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған…

Инфляция мен тарифтер өсімі: Ұлттық банк базалық мөлшерлемені неге төмендетпейді?

23 қаңтарда Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдайды. Сарапшы инфляция мен тарифтер өсіміне байланысты…