Қазақстанда Ресей мен Беларусьтан әкелінетін автокөліктер үшін кәдеге жарату алымы екі есеге артуы ықтимал, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі осындай өзгерісті көздейтін бұйрық жобасын дайындады. Құжатқа сәйкес, Ресей мен Беларусьтан импортталатын жеңіл және жүк көліктеріне, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасына қатысты утиль алымының мөлшерлемесіне 2 еселік арттыру коэффициентін қолдану ұсынылып отыр.
Бұл мөлшерлемені Ресейде 2025 жылдың 1 желтоқсанынан бастап күшіне енетін тарифтермен теңестіру мақсатында жасалып отыр. Ал Қазақстанда құрастырылған көліктерге, сондай-ақ ЕАЭО-дан тыс елдерден, Армения мен Қырғызстаннан әкелінетін техникаға бұрынғы шарттар сақталады.
Ведомствоның түсіндіруінше, бұл өзгеріс ЕАЭО аясындағы өзара саудадағы төлемдер теңгерімсіздігін жойып, бағадағы айырмашылықты пайдалануға жол бермейді. Жобаның басты мақсаты – нарық қатысушылары үшін теңдей жағдай жасау және импорт пен утиль алымы саласындағы саясаттың болжамдылығын сақтау.
Бұйрық жобасы әзірге талқылау сатысында.
Фото: Әлеуметтік желіден

