Categories Жайық news

Рейске кіргізбеген: Air Astana жолаушыға 750 мың теңгеден астам өтемақы төлеуге міндеттелді

Air Astana әуе компаниясы, болжам бойынша, овербукинг салдарынан рейске кіре алмаған жолаушыға тағы да соттан жеңілді. Бұл жолы әуе тасымалдаушысына қарсы қызылордалық Торғын Әбілқайырова талап арыз түсірген, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Жолаушы өткен жылдың 16 тамызында Қызылордадан Алматыға ұшуды жоспарлаған. Ол ережеге сай алдын ала онлайн тіркеуден өтіп, әуежайға уақытылы келгенімен, оны ұшақ бортына кіргізбей қойған. Әуе компаниясы мұны жүйедегі техникалық ақаумен түсіндірген.

Нәтижесінде Алматыға жете алмаған жолаушы өз құқығын қорғау үшін сотқа жүгінді. Торғын Әбілқайырова моральдық шығын ретінде 5 миллион теңге, адвокат шығынын өтеуге 200 мың теңге және жарамсыз болып қалған билетінің құны – 56 606 теңгені талап етті.

Судья Индира Әбекова Air Astana компаниясы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңды бұзғанын мойындады.

«Сатып алынған билет, шын мәнінде, қызмет көрсету туралы келісімшарт болып саналады. Ал әуе компаниясы бұл қызметті көрсетпеді», – деп атап өтті судья.

Осыған байланысты сот талап арызды ішінара қанағаттандырды. Әуе компаниясы жолаушыға заңгерге жұмсалған шығыны мен билеттің толық құнын өтеуге міндеттелді. Ал моральдық зиян көлемін судья 500 мың теңгеге бағалады. Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ және тараптар шағымдана алады.

Еске салсақ, 2024 жылы осыған ұқсас жағдай FlyArystan рейсімен Астанадан Оралға ұшуы тиіс кәмелетке толмаған Зере есімді қызбен болған еді. Овербукинг кесірінен ол әуежайда жалғыз қалып қойған. Сол кезде баланың ата-анасы әуе компаниясынан 5 миллион теңге өтемақы өндіріп алған болатын.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Трамп: Еуропа Гренландияны емес, Украинадағы соғысты ойлауы керек

АҚШ президенті Дональд Трамп Еуропа елдерін Гренландия мәселесіне араласпай, Украинадағы соғысқа назар аударуға шақырды.

Жаңаөзендегі сұмдық оқиға: өрт сөндіру көлігі үйге соғылып, кішкентай қыз көз жұмды

Жаңаөзенде өрт сөндіру көлігі жеңіл көлікпен соқтығысып, тұрғын үйге аударылды. Апат салдарынан екі адам, оның…

Тереңдігі 600 метр шахтада қайғылы оқиға: Бестөбеде заңсыз алтын іздеген ер адам мерт болды

Ақмола облысындағы «Қазақалтын» шахтасына заңсыз кірген ер адам қаза тапты. Оның денесін 600 метрден астам…