Райымбек Баталов «Атамекен» кәсіпкерлер палатасындағы төрағалық қызметінен кетеді

Қазақстанның іскерлік ортасында үлкен өзгеріс болғалы тұр. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Райымбек Баталов жақын күндері қызметінен кетпекші.Бұл туралы Zhaiyqmedia.kz  Ulysmedia.kz-ke сілтеп хабарлайды.

Сарапшылардың пікірінше, Баталовтың отставкасы күтпеген шешім емес. Соңғы жылдары «Атамекен» бизнес қауымдастығы арасындағы беделін жоғалта бастаған. Палатаның жаңа Салық кодексін талқылау барысында айқын ұстаным танытпауы кәсіпкерлердің сенімін әлсіреткен.

Экономика саласының сарапшысы Ерлан Дүйсенов бұл жағдайды ұйымның стратегиялық бағытының әлсіреуімен байланыстырады:
– «Бұрын «Атамекен» бизнестің басты қорғаушысы болатын. Қазір оның рөлі шенеуніктік кеңесші деңгейіне дейін төмендеп кетті. Бұл ұйымның ішкі реформаларды баяу жүргізуінен де көрініс табады», – дейді ол.

«Атамекен» соңғы уақытта кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар арасындағы делдал ретіндегі ықпалын жоғалтып, бизнес мүддесін қорғау саласында бәсеңдеп қалған. Сарапшылар ұйымды қайта жаңғырту мен беделін қалпына келтіру үшін басқаруда түбегейлі өзгерістер қажет екенін айтады.

Aйта кетейік,Райымбек Баталов 2022 жылдың ақпан айында «Атамекен» ҰКП президиумының төрағасы қызметіне тағайындалған болатын. Ол — еліміздегі ең танымал кәсіпкерлердің бірі. Forbes Kazakhstan журналының 2025 жылғы тізімінде Баталов 18-орында тұр.

Кәсіпкердің бизнес саласындағы тәжірибесі мен қоғамдағы белсенділігі елеулі болғанымен, соңғы уақытта ұйымның тиімділігіне қатысты сын-пікірлер жиілеген.

Ұқсас жазбалар

ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ КЕҢЕСШІСІНЕ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРЛІК ЖОЛ КАРТАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БАЯНДАЛДЫ

ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі Ермек Маржықпаев пен облыс әкімі Нариман Төреғалиев Оралдағы жылу электр орталығында болды.…

БҚО-да қаланы көгалдандыруға арналған ғылыми ұсынымдар таныстырылып, оқыту семинары өтті

Орал қаласында қалалық аумақтарды көгалдандырудың заманауи тәсілдеріне арналған білім беру іс-шарасы өтті. Шараға көгалдандыру үдерістеріне…

БҚО әкімі тұрғындармен кездесті: Баспана, инватакси және жаңа жол мәселесі талқыланды

БҚО әкімі Нариман Төреғалиев тұрғындармен кездесті. Қабылдауда баспана, инватакси, жол құрылысы және экология мәселелері көтерілді.