АҚШ барлау қызметі 2023 жылы Apple, Nvidia және AMD сияқты технологиялық гиганттарға Қытайдың 2027 жылға қарай Тайваньға басып кіру қаупі туралы жасырын ескерту жасаған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.
The New York Times басылымының жазуынша, бұл ескертудің негізгі себебі – әлемдегі озық микросхемалардың 97 пайызы Тайваньда өндіріледі. Егер Қытай аралды қоршауға алса немесе ондағы зауыттардың жұмысын тоқтатса, бұл жаһандық экономика үшін орны толмас соққы болар еді.
Ресми ескерту АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне төнген тікелей қатерге байланысты жасалған. Сонымен қатар, бұл қадам арқылы америкалық билік Кремний алқабындағы компанияларды Тайвань чиптеріне тәуелділікті азайтуға және өндірісті ел ішіне көшіруге ынталандыруды көздеген.
Фото: Әлеуметтік желіден

