Жылыой ауданына қарасты Құлсары қаласындағы Пушкин атындағы мектепте оқушының қолына балта ұстап, дәлізде жүгіргені түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желіде жарияланған кадрлардан жасөспірімнің мектеп дәлізімен балтамен жүргенін, ал басқа бір оқушының асығыс сыныптардың біріне тығылғанын көруге болады.
Желі қолданушыларының жазуынша, оқиғаға қатысты оқушы – 10-сыныпта оқиды. Оның не себепті мұндай әрекетке барғаны әзірге белгісіз.
Фото: Әлеуметтік желіден

