ҚОС ТАРАП ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Сұлтанғали Кенжеқұловпен кездесті. Тараптар шетелдік инвесторларды қолдау және тарту мәселелерін жан-жақты талқылады. Аймақ басшысы бұл бағытта ауқымды жұмыс атқарылғанын атап өтті. Мәселен, былтыр облыс делегациясы ҚХР-ға 2 рет іссапармен барып, нәтижесінде энергетика, машина жасау, АӨК және басқа салалар бойынша 19 жобаны іске асыру мәселелері жөнінде 11 инвестормен меморандумдар жасалды. Кездесуге ірі инвесторлардың бірі – «Vega Power» компаниясының басшысы да арнайы қатысты.
Инвесторларға қолайлы жағдай қалыптастыру — жергілікті атқарушы органның басым бағыттарының бірі. Қазіргі таңда инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге қатысты мәселелерді шешу жолдарының бірі — индустриялық аймақ аумағында жүзеге асырылатын «Қожетімділік үшін төлем» тетігі. Тың тәсіл инженерлік инфрақұрылымды инвестордың қаражаты есебінен салуды, нысандар пайдалануға берілгеннен кейін индустриялық аймақтың қатысушылары мен мемлекет тарапынан шығындарды кезең-кезеңімен өтеуді көздейді.
Кездесуде облыс әкімдігі мен «KAZAKH INVEST» компаниясы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға және «Vega Power» холдингінің инвестициялық жобаларын іске асыру бойынша жол картасына қол қойылды.
БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Рождество мерекесімен құттықтады

Президент Тоқаев христиан қауымын Рождество мерекесімен құттықтап, қоғамдағы келісім мен бірліктің маңызын атап өтті.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: ҚАЗАҚСТАН ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНЕ ҚАДАМ БАСТЫ

– Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге ауқымды сұхбат беру арқылы белгілі бір…

Тоқаев қазақ басылымына сұхбат береді

Ақорданың жазуынша 5 қаңтар күні «Turkistan» газетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың аталған басылымның бас редакторы,…