Израиль мен Ливаннан қазақтарды эвакуациялауға 4 млн доллар кетті

Қазақстан Таяу Шығыстағы отандастарын эвакуациялауға шамамен 4 миллион доллар жұмсады. Бұл қаржыға Израиль мен Ливаннан 500-ге жуық азамат елге қайтарылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Үкіметтегі брифингте Төтенше жағдайлар министрі Нұрлан Сауранбаев эвакуация шығынын нақты атады. Оның айтуынша, бұл сомаға ұшақ жалдау, жанармай және басқа да шығындар кіреді.

«Эвакуациялауға кеткен шығын – шамамен 4 миллион доллар. Біз бұл жұмысты уақытылы және тиімді жүргіздік», – деді министр.

Қазіргі уақытта Таяу Шығыстағы қазақстандықтардың қауіпсіздігі бақылауда. Егер жағдай ушығатын болса, қосымша эвакуация шаралары қарастырылады.

Ұқсас жазбалар

Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай басшысына көңіл айтты: тау-кен апатына байланысты жеделхат жолдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай басшысы Си Цзиньпинге тау-кен кенішіндегі апатқа байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Шаурманы жарнамаладым»: Астанада полицейге пранк жасағандар 15 тәулікке қамалды

Астанада полицейге пранк жасаған екі жігіт 15 тәулікке қамалды. Олар қызметкерді «шаурманы жарнамалап жүрмін» деп…

Тоқаев Си Цзиньпинге көңіл айтты: Қытайдағы шахта апатынан қаза тапқандар саны 47-ге жетті

Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай төрағасы Си Цзиньпинге Шаньси өлкесіндегі шахта апатынан қаза тапқандарға көңіл айтты. 47…