Categories Жайық news

Қазақстандық қақпашы Чемпиондар лигасының үздік үштігіне кірді

«Қайрат» футбол клубы мен Қазақстан құрамасының қақпашысы Темірлан Анарбеков УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің қорытындысы бойынша үздік үш қақпашының қатарына енді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

УЕФА-ның ресми статистикасы бойынша, 22 жастағы қазақстандық спортшы сейвтер саны жағынан жоғары көрсеткішке қол жеткізген. Ол топтық кезеңде өткен 6 матчта өз қақпасына бағытталған 26 қауіпті соққыға тосқауыл бола алды.

Бұл көрсеткіш бойынша Анарбеков франциялық «Марсель Олимпигі» клубының қақпашысы Херонимо Рульимен үшінші орынды бөлісіп тұр.

Үздіктер тізімінде бірінші орынға норвегиялық «Буде-Глимт» командасының ойыншысы Никита Хайкин жайғасса, екінші сатыда мадридтік «Реалдың» жұлдызы Тибо Куртуа тұр. Қазақстандық қақпашының осындай беделді ойыншылармен бір қатарда тұруы – отандық футбол үшін үлкен жетістік.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

«Отаныңа адал қызмет ету»: Тоқаев волонтерлерге қандай баға берді?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Волонтерлер форумында сөйлеп, ерікті болудың мәнін түсіндірді және оларға "қоғамның айнасы" деген…

Жаңаөзендегі жан түршігерлік оқиға: 29 жастағы дәрігерді не үшін 21 рет пышақтаған?

Жаңаөзенде 29 жастағы дәрігер Нұрдәулет Аманғалиевті жұмыс орнында 21 рет пышақтаған. Туыстары қылмысқа қызғаныш себеп…

Дауға қалған ӘМСҚ-да тағы да ауыс-түйіс: Қорға жаңа орынбасарлар келді

Даулы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында тағы да кадрлық өзгеріс. Қор төрағасына Бақытжан Абдуллаев пен Индира…