Categories Жайық news

Қазақстанда жасанды интеллект университеті ашылады: Президент министрге жаңа тапсырмалар жүктеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекті қабылдап, саладағы стратегиялық бастамалардың іске асырылу барысымен танысты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Саясат Нұрбек Мемлекет басшысына елімізде адам капиталын дамытатын экожүйе құру шаралары мен таланттарды үздіксіз қолдау тетіктері туралы баяндады. Сондай-ақ министр еңбек нарығын зерттеу нәтижелері мен 2030 жылға дейінгі мамандарға сұраныс болжамын ұсынды.

Кездесуде жоғары білімнің қолжетімділігін арттыруға ерекше назар аударылды. Осы мақсатта «Келешек» тетігі мен саланы қаржыландырудың жаңа моделін енгізу жағы қарастырылып жатыр.

Бұдан бөлек, министр «AI-Sana» ұлттық қозғалысын ілгерілету және «AI-Enabled University» индустриялық университетін іске қосу жоспарларымен бөлісті. Бұл жаңа үлгідегі жоба білім беру мен өндіріс үдерісіне жасанды интеллектіні кеңінен енгізуді көздейді.

Ғылымды дамыту аясында инновациялық кластерлер мен ғылым қалашықтары сияқты ғылыми-өндірістік аймақтар құрылмақ. Бұл бастамалар DeepTech пен күрделі өндірістерді дамыту моделіне көшу үшін жасалып отыр. Осы ретте жоғары оқу орындары мен облыс әкімдіктерінің тығыз жұмыс істеуі маңызды рөл атқарады.

Министрлік ғалымдарды мемлекет тарапынан қолдауды күшейтіп, гранттар мен сыйлықтар беру, ғылыми тағылымдамаға жіберу және жас ғалымдарды баспанамен қамту шараларын жалғастыратынын жеткізді.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы жоғары білім сапасын арттыру, ғылыми зерттеулерді дамытып, оларды коммерцияландыру, инновациялық қызметті ынталандыру, сондай-ақ инфрақұрылым мен шетелдік университет филиалдарының жұмысын жетілдіру бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

«Бастығыңыз хабарласып тұр»: Қазақстанда телефон алаяқтарының жаңа схемасы пайда болды

Қазақстанда телефон алаяқтарының жаңа түрі тарады. Енді олар өздерін басшы ретінде таныстырып, азаматтардың ақшасын алдап…

Жарты ғасырлық үзілістен соң: NASA астронавтарды Айға қайта аттандырды

NASA 50 жылдық үзілістен кейін алғаш рет Айға астронавттарды аттандырды. «Артемида-2» миссиясы Ай бетіне қайта…

Трамп: «Иранға соққы беріп, тас дәуіріне қайтарамыз»

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы әскери операцияның аяқталатынын мәлімдеп, елді "тас дәуіріне қайтаратын" соққы…