Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы төлеу тәртібі қатаңдауы мүмкін,-деп жазады Zhaiyqmedia.kz.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік төлемдер ережесіне өзгерістер енгізуді ұсынып отыр. Құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланып, қазір қоғамдық талқылауға шығарылды.
Ұсынылған түзетулерге сәйкес:
- Егер азаматтың Қазақстанда тұрақты тұратыны дәлелденбесе, зейнетақы мен жәрдемақы төлемдері уақытша тоқтатылады. Қазірдің өзінде 100 мыңнан астам алушының тіркеуі жоқ екені анықталған.
- Әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында немесе қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде тұратын азаматтарға да төлемді шектеу ұсынылады. Министрлік мұны «олар толықтай мемлекеттің қамтамасыздығында» деген уәжбен түсіндіреді.
Құжат бойынша қоғамдық талқылау 24 қыркүйекке дейін жалғасады.