Categories Жайық news

Қазақстанда қоғамдық орында боқтық сөз айтып, қоқыс тастағандар үшін айыппұл өсті

Ресми деректерге сүйенсек, 2026 жылдан бастап Қазақстанда қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін салынатын айыппұл көлемі ұлғайды. Бұл өзгеріс мемлекеттің айлық есептік көрсеткішті (АЕК) көтеруіне байланысты орын алды.

АЕК-тің өсуі әлеуметтік төлемдермен қатар айыппұлдарға да тікелей әсер етеді. Сол себепті заңнама өзгермесе де, оған байланған айыппұлдар автоматты түрде көбейеді.

Бұл туралы Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қандай бұзушылықтар үшін айыппұлдар артты?

2026 жылдан бастап АЕК 3 932 теңгеден 4 325 теңгеге дейін өсті. Соған байланысты төмендегі айыппұлдар жаңарды:

Қоғамдық орында балағат айту: бұрын 20 АЕК болатын айыппұл — 78 640 теңге, енді 86 500 теңге болды.

Қоқыс тастау, саябақтарды ластау:
Алғашқы рет — 10 АЕК: 39 320 → 43 250 теңге;
Қайталап жасаған жағдайда — 20 АЕК: 78 640 → 86 500 теңге.

Қоғамдық жерде ішімдік ішу немесе мас жүріп-тұру:
Минимум — 5 АЕК: 19 660 → 21 625 теңге;
Қайта бұзған жағдайда — 10 АЕК: 39 320 → 43 250 теңге.

Вандализм мен ұсақ бұзақылық үшін не күтіп тұр?

Вандализм қылмыстық жауапкершілікке жатады. Айыппұл көлемі:
Минимум — 100–200 АЕК: 432 500 → 865 000 теңге;
Ауырлататын жағдайлармен жасағанда — 500–2 000 АЕК: 2,1 → 8,6 миллион теңге.

Кәмелетке толмағандар жасаған жағдайда, олардың ата-анасына немесе қамқоршысына әкімшілік кодекс бойынша айыппұл салынады — 15 АЕК: 58 980 → 64 875 теңге.

Ұсақ бұзақылық: Қоғамдық орында ғимараттарға, көліктер мен орындарға зиян келтіру — 50 АЕК: 196 600 → 216 250 теңге болды.

Ұқсас жазбалар

Minimalist office workspace with a notebook and MacBook Air showing 14:41 time.

2026 жылы қазақстандықтар қанша күн демалады: мерекелер мен ұзартылған уикендтер

2026 жылы Қазақстанда бірнеше мереке жұмыс күндеріне ауысады, бұл қазақстандықтарға қосымша демалыс сыйлайды.

Тоқаев қазақ басылымына сұхбат береді

Ақорданың жазуынша 5 қаңтар күні «Turkistan» газетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың аталған басылымның бас редакторы,…

Person in a space suit holding a Chinese flag in a rocky desert setting, portraying an astronaut scene.

Си Цзиньпин Тайвань мәселесі бойынша: бірігу – тарихи міндет

Си Цзиньпин Тайвань Қытаймен қайта бірігетінін айтты және бұл тарихтың заңдылығы деп көрсетті.