«Жолаушылар тасымалы» АҚ еліміздегі үш бағыт бойынша пойыз билеттеріне 25% қысқы жеңілдік жариялады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.
Компанияның мәліметінше, бұл жеңілдік дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері жолға шығатын пойыздарға ғана қолданылады.
Жеңілдік қарастырылған бағыттар тізімі:
- №11/12 «Тальго» Алматы – Шымкент бағыты (турист «2Д» орындарына);
- №65/66 «Тальго» Астана – Қызылорда бағыты (жоғарғы орындарға);
- №105/106 «Тальго» Алматы – Петропавл бағыты (жоғарғы орындарға).
Бұл акцияның қанша уақытқа созылатыны әзірге нақтыланбаған.
Фото: Әлеуметтік желіден

