Categories Қоғам

Қазақстанда ішкі туризмді дамыту: Кәсіпкерлерге 7 бағыт бойынша өтемақы мен субсидия береді

Қазақстанда ішкі және келу туризмін дамыту мақсатында кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдаудың 7 тетігі қарастырылған. Бұл туралы ZhaiyqMeida Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі сілтеме жасап хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, мемлекеттік қолдау шаралары туристік өнімдердің сапасын арттыруға, инфрақұрылымды жақсартуға және кәсіпкерлердің шығындарын азайтуға бағытталған.

1. Тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтарға субсидия

Аспалы жолдар, қар тазалау техникасы және жасанды қар шығару құрылғылары сияқты жабдықтар сатып алған кезде шығынның 25%-ы мемлекет тарапынан өтеледі.

2. Жол бойындағы сервис нысандарына шығын өтемі

Мотельдер, жанармай құю станциялары, қоғамдық тамақтану орындары және дәріханалар сияқты нысандардың құрылысына кеткен шығындардың 10%-ы өтеледі.

3. Туристік нысандарды салу және жаңғыртуға субсидия

Жаңа туристік нысандардың құрылысына немесе қолданыстағы объектілерді жаңғыртуға жұмсалған шығындардың 10%-ы субсидияланады.

4. Туристік автобустарға өтемақы

Сыйымдылығы 8 орыннан асатын (жүргізушіні қоспағанда) автобустарды сатып алу шығындарының 25%-ы өтеледі. Автобус кемінде 5 жыл туристік мақсатта пайдаланылуы тиіс.

5. Келу туризмін ынталандыруға субсидия

Отандық туроператорлар шетелдік турист әрбір тартқаны үшін 15 000 теңге субсидия алады. Турист кемінде 4 күн, 3 түн болуы және eQonaq жүйесінде тіркелуі қажет.

6. Балаларға арналған ішкі әуе билеттерін субсидиялау

18 жасқа дейінгі балалардың ішкі әуе билеттері 100% субсидияланады, егер ата-анасы туроператордан ішкі тур сатып алса.

7. Санитарлық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға субсидия

Туристік аймақтар мен жол бойындағы санитарлық тораптарды ұстауға ай сайын 83 300 теңге көлемінде өтемақы беріледі.

Министрліктің хабарарынша, бұл шаралар ішкі туризмді дамытуға, кәсіпкерлердің туристік өнімдерді жетілдіруіне және қызмет сапасын арттыруға ықпал етеді.

Еске сала кетейік, Туризм және спорт министрлігі туризм саласына арналған цифрлық статистика жүйесін енгізуді жоспарлап отыр.

Ұқсас жазбалар

Бұрынғы әкім хатшысы һәм Amanat-тың экс-қызметкері Арай Есенбек 10 миллион теңге бопсалағаны үшін ұсталды

Шымкентте танымал журналист әрі блогер, бұрынғы мемлекеттік қызметкер Арай Есенбекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол…

Қалтасы жұқа,ар-ұжданы биік тәуелсіз журналистің тағдыры

Қазақстанда тәуелсіз журналист болу – тек кәсіп емес, азаматтық ұстаным. Бірақ сол ұстанымның құны кейде…

Сөз бостандығы шектелген ел – демі тарылған қоғаммен тең

Сөз бостандығы шектелген ел – демі тарылған қоғаммен тең. Ондай елде шындық сыбырлап айтылады, ал…