Categories Жайық news

Қазақстанда газ тапшылығы болмай ма? Тоқаев «QazaqGaz» басшысына маңызды міндет жүктеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «QazaqGaz» ұлттық компаниясының басшысы Әлібек Жамауовты қабылдап, газ саласының қазіргі жағдайы мен даму жоспарларын талқылады. Кездесуде елді мекендерді көгілдір отынмен қамту, ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру және ресурстық базаны нығайту мәселелері көтерілді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Әлібек Жамауовтың айтуынша, елде газ тұтыну көлемі жыл санап артып келеді. Осыған байланысты компания геологиялық барлау жұмыстарын жандандырып, жаңа газ өңдеу зауыттарының әлеуетін арттыруға баса назар аударып отыр. Былтырдың өзінде 400 мыңға жуық тұрғыны бар 112 елді мекен табиғи газға қосылған.

Өткен жылдың ең ірі жетістіктерінің бірі – «Талдықорған – Үшарал» газ құбырының іске қосылуы. Бұл жоба межеленген мерзімнен 1 жыл 4 ай бұрын аяқталып, Жетісу облысындағы 84 ауылды көгілдір отынмен қамтамасыз етті. Нәтижесінде өңірдегі газдандыру деңгейі 76 пайызға жетті.

Сондай-ақ компания басшысы Астана қаласы мен оның маңындағы агломерацияны газдандыру, «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистральды газ құбырының екінші желісін тарту және Қашағанда жылына 1 миллиард текше метр газ өңдейтін зауыт салу сияқты ауқымды жобалардың барысы туралы баяндады.

Ресурстық базаны кеңейту мақсатында Жамбыл облысындағы «Малдыбай» және Амангелді тобына кіретін «Бархан» кен орындарында жұмыс жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, «Aqyl Energy» бастамасы аясында газ құбырын басқару үдерісіне жасанды интеллект пен заманауи цифрлық шешімдер енгізілуде.

Кездесу соңында Президент тұрғындар мен өндіріс ошақтарын жылыту маусымында газбен тұрақты қамтамасыз ету шараларын жалғастыруды тапсырды. Сондай-ақ цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізуге және газ саласының ресурстық базасын нығайтуға қатысты нақты міндеттер жүктеді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Көлік әпереміз деп алдаған: Қостанайда 34 адамды 211 миллионға сан соқтырған алаяқтар сотталды

Қостанайда 34 ауылдасын 211 млн теңгеге алдап, көлік әпереміз деп сендірген екі алаяқ ұзақ мерзімге…

Close-up of a wooden gavel on a desk, symbolizing justice and legal authority.

Оңтүстік Корея: Экс-президентті өлім жазасына кесуді талап етті

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Юн Сок Ёльге өлім жазасы сұралды. Ол әскери жағдай енгізіп, бүлік…

Aerial shot of an oil tanker cruising through the ocean, emphasizing maritime transport.

ҚМГ растады: Қазақ мұнайын таситын танкерге дронмен шабуыл жасалды

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Каспий құбыр консорциумының терминалы маңында қазақстандық мұнай таситын танкерге дрон шабуылы жасалғанын…