Categories Жайық news

Қазақстан санкцияға іліккен «ЛУКОЙЛ» үлесін сатып алу үшін АҚШ-қа хат жолдады

Қазақстан ресейлік «ЛУКОЙЛ» компаниясының елдегі бірлескен жобалардағы үлесін сатып алу мәселесі бойынша АҚШ-тың Санкцияларды бақылау басқармасына (OFAC) ресми хат жолдады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Қазақстанның Энергетика министрі Ерлан Әккенженов мәлімдеді. Оның айтуынша, ел заңнамасы бойынша Үкіметтің «ЛУКОЙЛ» активтерін сатып алуға басым құқығы бар.

«ЛУКОЙЛ» Қазақстандағы активтерін сатқан жағдайда, біздің заңнамада көзделген басым құқығымызды пайдаланамыз. Энергетика министрлігі осы үлесті сатып алу үшін OFAC-қа тиісті хат-үндеу жолдады», — деді министр.

Ерлан Әккенженов ведомствоның үлесті сатып алудың түрлі жолдарын қарастырып жатқанын, оның міндетті түрде ақшалай төлемге байланысты болмауы мүмкін екенін атап өтті.

«Акциялар пакетін сатып алудың түрлі формасы бар. Мысалы, төлемді кейінге қалдыру немесе шикізат сатудан түскен кіріс есебінен өтеу. Нұсқалар көп, біз бәрін қарастырып жатырмыз», — деп нақтылады ол.

Еске сала кетейік, «ЛУКОЙЛ» 2025 жылдың 22 қазанында АҚШ-тың санкциялық тізіміне енгізілген болатын. Осыдан кейін OFAC ресейлік компанияның шетелдік активтерін сату туралы келіссөздер жүргізу үшін арнайы лицензия берген. Ұлыбритания да «ЛУКОЙЛ»-дың халықаралық активтерімен операциялар жасауға рұқсат еткен. «Теңіз» және «Қарашығанақ» кен орындарын игеру жобалары, сондай-ақ Каспий құбыр консорциумы сияқты бірқатар жоба АҚШ пен Ұлыбритания санкцияларынан босатылған.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда жасанды интеллект университеті ашылады: Президент министрге жаңа тапсырмалар жүктеді

Президент Тоқаев Ғылым министрі Саясат Нұрбекті қабылдады. Жасанды интеллект университетін ашу және ғылымды дамыту мәселелері…

«Бастығыңыз хабарласып тұр»: Қазақстанда телефон алаяқтарының жаңа схемасы пайда болды

Қазақстанда телефон алаяқтарының жаңа түрі тарады. Енді олар өздерін басшы ретінде таныстырып, азаматтардың ақшасын алдап…

Жарты ғасырлық үзілістен соң: NASA астронавтарды Айға қайта аттандырды

NASA 50 жылдық үзілістен кейін алғаш рет Айға астронавттарды аттандырды. «Артемида-2» миссиясы Ай бетіне қайта…