Categories Жайық news

Қазақстан мектептерінде оқулықтар жаппай ауыстырылады: Министрлік жоспарын жариялады

Қазақстанда мектеп оқулықтарын жаңарту бойынша ауқымды жұмыстар жоспарланып отыр, бұл үдеріс бірнеше жылға созылады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді. Оның айтуынша, оқу-әдістемелік кешендерді ауыстыру кезең-кезеңімен іске асады.

Жоспарға сәйкес, алғашқы өзгерістер 2026 жылы басталады. Бұл жылы 3, 4, 7, 8 және 9-сыныптарға арналған оқулықтар жаңартылады.

Ал 2027 жылы 1 және 5-сынып оқушылары толықтай жаңа оқулықтармен қамтылады. Осы кезеңде карталар, тарихи және әкімшілік материалдар сияқты қосымша құралдар да толық ауыстырылады. Сондай-ақ жоғары сыныптардың, яғни 10-11 сыныптардың оқулықтары қайта қаралатын болады.

Жаңартудың соңғы кезеңі 2028 жылға жоспарланған. Бұл кезде 2 және 6-сыныптар үшін жаңа оқулықтар шығарылады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда жасанды интеллект университеті ашылады: Президент министрге жаңа тапсырмалар жүктеді

Президент Тоқаев Ғылым министрі Саясат Нұрбекті қабылдады. Жасанды интеллект университетін ашу және ғылымды дамыту мәселелері…

«Бастығыңыз хабарласып тұр»: Қазақстанда телефон алаяқтарының жаңа схемасы пайда болды

Қазақстанда телефон алаяқтарының жаңа түрі тарады. Енді олар өздерін басшы ретінде таныстырып, азаматтардың ақшасын алдап…

Жарты ғасырлық үзілістен соң: NASA астронавтарды Айға қайта аттандырды

NASA 50 жылдық үзілістен кейін алғаш рет Айға астронавттарды аттандырды. «Артемида-2» миссиясы Ай бетіне қайта…