Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады

Мемлекет басшысына «Самұрық-Қазына» тобының 2024 жылы таза табысы 39 пайызға, операциялық табысы 9 пайызға өскені туралы мәлімет берілді.

Президентке ұсынылған ақпаратқа сәйкес, былтыр 4 ірі инфрақұрылымдық жоба аяқталған. Атап айтқанда, Екібастұздағы бірінші Мемлекеттік аймақтық электр стансасының №1 энергоблогы қалпына келтірілді, Сиань қаласында көлік-логистика терминалы жұмыс істей бастады, Алматының энергетика кешеніне қажетті газ инфрақұрылымының құрылысы аяқталды, Қарашығанақ кен орнында газды кері айдауға арналған бесінші компрессор пайдалануға берілді.

Нұрлан Жақыпов биыл мамыр айында битум өндірісін кеңейту жобасы басталғанын жеткізді. Жыл соңына дейін тағы 7 ірі инвестициялық жоба, соның ішінде, Кендірлі кентінде су тұшыту зауыты, Алматы қаласын айналып өтетін теміржол желісі, Ақтау портында контейнерлік хаб, Талдықорған – Үшарал магистральді газ құбыры, Жамбыл облысында жел қондырғылары бөлшектерін шығаратын зауыт құрылыстары іске асырылады. Ал Достық – Мойынты учаскесіндегі екінші теміржолды мерзімінен бір жыл бұрын пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Qazaq Air АҚ әуе компаниясы мен «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС (Теле2) ұялы байланыс операторын стратегиялық инвесторларға сату жөнінде мәмілелер жасалды. Бұл нарықтағы бәсекелестікті арттыруға және Қазақстан экономикасының негізгі секторларына инвестиция тартуға ықпал етеді.

Мемлекет басшысына «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының орындалуы туралы мәлімет берілді. Қазіргі кезде 106 мектептің құрылысы бітуге жақын, жыл соңына дейін тағы 102 оқу ошағын салу жоспарланған.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» АҚ қызметінің негізгі бағыттарына қатысты бірқатар міндет жүктеп, компания активтерінің тиімділігін жоғарылату, құнын арттыру, сондай-ақ инвестициялық жобаларды уақтылы және сапалы жүзеге асыру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.

 

Ұқсас жазбалар

Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауын 8 қыркүйекте жасайды

  Бұл туралы ресми түрде «Ақорда» хабарлады. Президенттің Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауы Парламент палаталарының бірлескен…

Түркістан облысында әкесін қорлады деген күдікке ілінген ер адам қамауға алынды

Түркістан облысында әкесін қорлады деген күдікке ілінген ер адам қамауға алынды,-деп хабарлайды Жайықмедиа.кз. Түркістан облысының…

Трамп: АҚШ ХАМАС-пен кепілдегілер бойынша келіссөз жүргізіп жатыр

АҚШ ХАМАС-пен кепілдегілер бойынша келіссөз жүргізіп жатыр,-деп жазады Жайықмедиа.кз. АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтонның ХАМАС…