Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Рождество мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы христиан дінін ұстанатын азаматтарды Рождество мерекесімен құттықтады. Ол бұл күннің адамдарға сенім, үміт және жақынға деген сүйіспеншілік сыйлайтынын атап өтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Президенттің құттықтау сөзінде христиан дінінің басқа да дәстүрлі діндермен қатар адамгершілік пен рухани құндылықтарды – әділдік, мейірім, шыншылдық, жауапкершілік, ізгілік пен келісімді ұлықтайтыны айтылды. Оның айтуынша, православие елімізде дінаралық келісімді нығайтуға, жас ұрпақты отансүйгіштікке, еңбекқорлық пен отбасы құндылықтарына тәрбиелеуге өз үлесін қосып келеді.

«Бірлік, ынтымақ пен өзара қолдау – мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі әрі ел жетістігінің берік іргетасы», – деді Президент.

«Қоғам арасында өзара сыйластық, сенім, жанашырлық орын алған кезде, біз әділет пен өркендеуге қарай нық қадам басамыз», – деп нақтылады Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы православие дініндегі азаматтар мен бүкіл халыққа зор денсаулық пен табыс тіледі.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Free stock photo of aquatic exploration, arctic, greenland

Еуропа Гренландияны АҚШ президентінен қалай қорғауға тырысып жатыр

Еуропа АҚШ президентінің Гренландияны иемдену жоспарына алаңдап отыр. Франция, Германия мен Польша бұл арал ешкімге…

Exterior view of the iconic US Capitol Building on a sunny day in Washington, DC.

АҚШ президенті Ресеймен сауда жасаған елдерге санкцияны құптады

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресеймен сауда жасаған елдерге санкция салу туралы заң жобасын қолдады.

Кәсіпкерлерге қолма-қол ақша алуға шектеу енгізілді: Лимит асып кетсе, құжат сұралады

Кәсіпкерлер енді қолма-қол ақша лимитпен шешеді. Артық сома алса, банк құжат талап етеді. Жеке тұлғаларға…