Categories Жайық news

Қарашығанақ дауы: Қазақстан мұнай алпауыттарын сотта жеңіп, миллиардтаған доллар өндіріп алмақ

Қазақстан Қарашығанақ жобасы бойынша халықаралық арбитражда Eni, Shell және басқа да ірі мұнай компанияларын жеңіп шықты. Лондон соты Қазақстанның талап-арызын ішінара қанағаттандырып, енді консорциум бюджетке миллиардтаған доллар төлеуі мүмкін, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан үкіметі жоба серіктестері артық шығындар мен расталмаған шығыстарды мемлекет есебінен заңсыз өтеген деп айыптаған. Лондон соты Қазақстанның осы уәжімен келісіп, бұл сомалар өнімді бөлу туралы келісім аясында өтелуге жатпайды деген шешім шығарды.

Компаниялар талаптың бір бөлігін ескіру мерзіміне байланысты жабуға тырысқан, алайда сот бұл әрекетті қабылдамады.

Әзірге төлемнің нақты сомасы белгіленбеді. Дегенмен, алдын ала бағалау бойынша, ол екі мен төрт миллиард доллар аралығында болуы мүмкін. Бұл қаражат келісімшарттағы мұнайды бөлу формуласын түзету арқылы бюджетке қайтарылады. Консорциумның әлі де апелляцияға шағымдануға мүмкіндігі бар.

Арбитражға Eni мен Shell компанияларынан бөлек жобаның басқа да ірі акционерлері – Chevron, «Лукойл» және «ҚазМұнайГаз» қатысты. Сот процесі Лондонда Стокгольм арбитражының ережелеріне сәйкес өтті.

Бұған дейін Қазақстан Қашаған инвесторларына қарсы экологиялық заң бұзушылықтарға қатысты төрт миллиард доллардың сотында жеңіліп қалған еді.

Фото: ҚМГ

Ұқсас жазбалар

Ата заңға ауқымды өзгеріс: Конституцияның 84 пайызы қайта жазылады

Қазақстанның Ата заңына ауқымды өзгерістер енгізілмек. Конституциялық сот өкілінің айтуынша, Негізгі заңның 77 бабы, яғни…

71 курсант ауырып қалды: Щучинсктегі әскери колледжде қызылша өршіді

Щучинск қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжде қызылша өршіп, 71 курсант ауруханаға түсті. Екі жасөспірім…

Two police officers standing behind a stop tape at night, scene partially illuminated by car headlights.

Алматыда жасөспірім шатырдан секіріп кетті: Ол өлер алдында хат қалдырған

Алматыда 16 жастағы бозбала көпқабатты үйдің шатырынан секіріп кетті. Оқиға орнынан оның өлер алдында жазған…