Алдағы Қайрат–“Реал Мадрид” футбол ойынына қызығушылық рекордтық деңгейге жетті. Билеттер жетіспей, жанкүйерлер арасында дүрлікпе туып жатқан сәтте әлеуметтік желіде бір жас жігіттің видеосы тарады. Ол қолында 100-ге жуық билет ұстап, жұрттың көзін қыздырды.
Көпшілік «бұл жігіт кім, билеттерді қайдан алды, алыпсатар ма?» деп түрлі пікір айтуда. Кейбіреулер мұны алыпсатарлықтың көрінісі деп айыптаса, енді біреулер оны «бизнес» деп бағалады.