Categories Әлем

Жазда әуе рейстері көбейеді: қазақстандықтар қай елдерге ұша алады?

Сурет: istockphoto.com

Биыл жазда Қазақстаннан шетелге ұшатын рейстер саны артады. Азаматтар бірнеше жаңа бағыт бойынша сапар шеге алады.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, жаңа рейстер негізінен Түркия, Мысыр және БАӘ сияқты танымал бағыттарға ашылады. Сонымен қатар, Грузия, Әзербайжан және Өзбекстанға да ұшу мүмкіндігі артады.

«Біз әуе компанияларымен келіссөздер жүргізіп, қосымша рейстер енгізуді жоспарлап отырмыз. Бұл билет бағасын тұрақтандыруға және туристерге қолжетімді сапар ұйымдастыруға көмектеседі», — деді министрлік өкілі.

Жазғы маусымда еліміздің ірі қалаларынан, оның ішінде Оралдан да шетелге тікелей рейстер саны көбеймек. БҚО тұрғындары енді Астана немесе Алматыға қосымша барып жатпай-ақ, тікелей ұша алады.

Нақты бағыттар мен рейс кестесі жақын арада жарияланады. Авиабилеттерді алдын ала брондауға кеңес беріледі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ұқсас жазбалар

ІІМ: 2024 жылдың алты айында 7 тоннадан астам есірткі тәркіленді

ІІМ биылғы алты айда 7 тоннадан астам есірткі тәркіленгенін, 15 зертхана мен 6 қылмыстық топтың…

Қытайдағы қазақ дәрігер «1 шілде» орденімен марапатталды

Бейжіңде Қытай Коммунистік партиясының 105 жылдығына арналған салтанатты шарада қазақ дәрігер Оқас Сүлеймен «1 шілде»…

Ганадағы су тасқынынан 12 адам қаза тапты

Ганадағы су тасқынынан 12 адам қаза тауып, жеті адам хабарсыз кетті. Тасқын Аккра мен бірнеше…