Categories Жайық news

Орталық референдум комиссиясының ҮНДЕУІ

ҚҰРМЕТТІ РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСУШЫ!

Сіздің референдумға қатысуға конституциялық құқығыңызды іске асырудың кепілі Сізді республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімдеріне енгізу болып табылады.

Тізімдерді жергілікті атқарушы органдар дауыс беру үшін нақты учаскенің аумағында тұрғылықты жеріңіз бойынша тұрақты тіркелуіңіздің негізінде жасайды. Уақытша тіркелген азаматтар берген өтініші негізінде тізімдерге енгізіледі.

Дауыс беруге арналған учаскелер мен олардың шекаралары туралы мәліметтерді тиісті әкімдер 2026 жылғы 21 ақпанға дейін жариялайтын болады. Сіз өзіңіздің учаскеңізді біліп, тізімге енгізілгеніңізді тіркелген жеріңіз бойынша жергілікті атқарушы органға хабарласу арқылы тексере аласыз. Тізімде болмаған жағдайда, Сіз әкімдікке тиісті өтініш беруге құқылысыз.

2026 жылғы 27 ақпаннан бастап Сіздің дауыс беру учаскеңізде Сізге республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар тізімінде өзіңіз туралы деректерді тексеру мүмкіндігі беріледі. Егер қандай да бір өзгерістер енгізу қажет болса, Сіз дереу учаскелік референдум комиссиясына өтінішпен жүгіне аласыз.

Сізді азаматтық жауапкершілік танытуға және 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумға қатысу құқығыңызды іске асыруға шақырамыз!

 

 УВАЖАЕМЫЙ УЧАСТНИК РЕФЕРЕНДУМА!

 

Гарантией реализации Вашего конституционного права на участие в референдуме является включение Вас в списки граждан, имеющих право участвовать в республиканском референдуме.

Списки составляются местными исполнительными органами на основании Вашей постоянной регистрации по месту жительства на территории конкретного участка для голосования. Временно зарегистрированные граждане включаются в списки на основании поданного заявления.

Сведения об участках для голосования и их границы будут опубликованы соответствующими акимами до 21 февраля 2026 года. Узнать свой участок и проверить свое включение в список Вы можете, обратившись в местный исполнительный орган по месту Вашей регистрации. В случае отсутствия в списке, Вы вправе подать соответствующее заявление в акимат.

С 27 февраля 2026 года на Вашем участке голосования Вам будет предоставлена возможность проверить данные о себе в списке граждан, имеющих право участвовать в республиканском референдуме. При необходимости внесения каких-либо изменений, Вы сразу сможете обратиться с заявлением в участковую комиссию референдума.

Призываем Вас проявить гражданскую ответственность и реализовать 15 марта 2026 года свое право на участие в республиканском референдуме!

 

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда жасанды интеллект университеті ашылады: Президент министрге жаңа тапсырмалар жүктеді

Президент Тоқаев Ғылым министрі Саясат Нұрбекті қабылдады. Жасанды интеллект университетін ашу және ғылымды дамыту мәселелері…

«Бастығыңыз хабарласып тұр»: Қазақстанда телефон алаяқтарының жаңа схемасы пайда болды

Қазақстанда телефон алаяқтарының жаңа түрі тарады. Енді олар өздерін басшы ретінде таныстырып, азаматтардың ақшасын алдап…

Жарты ғасырлық үзілістен соң: NASA астронавтарды Айға қайта аттандырды

NASA 50 жылдық үзілістен кейін алғаш рет Айға астронавттарды аттандырды. «Артемида-2» миссиясы Ай бетіне қайта…