Categories Жайық news

Оралдың ескі бөлігі жаңара бастады: қалада ауқымды абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр

Оралдың ескі бөлігі жаңара бастады: қалада ауқымды абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр,-деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz.

Орал қаласының тарихи аймағында инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары қарқын алды. Бұл бастама шілде айында Астана қаласының Урбанистика орталығының директоры Елнар Базыкеннің өңірге жасаған іссапарынан кейін қолға алынған еді. Кездесу барысында ол қала басшылығымен бірге қоғамдық кеңістіктерді заманауи талаптарға сай қайта құру және урбанистік шешімдерді енгізу жөнінде бірқатар ұсыныс берген болатын.

Сол ұсыныстардың алғашқы нәтижесі ретінде Назарбаев даңғылының Сарайшық пен Молдағалиев көшелері арасындағы бөлігі толық реттеліп, көшенің жаяу жүргінші аймақтары қайта жасақталды. Жол жиегінен бастап ғимараттарға дейінгі аралық жаңартылып, тұрғындар мен қала қонақтарына барынша қолайлы орта жасалды.

Қала әкімдігінің мәліметінше, келесі жылы осы бағыттағы жұмыс Назарбаев даңғылы бойымен Досмұхамедов көшесіне дейін жалғасады. Жобаның басты мақсаты — Оралдың тарихи келбетін сақтай отырып, заманауи әрі жайлы қалалық кеңістік қалыптастыру.

Әкімдік урбанист мамандармен бірлескен жұмысты жалғастырып, қаланың көркін жақсартуға бағытталған жаңа жобаларды кезең-кезеңімен іске асыруды жоспарлап отыр.

сурет: Орал қ. әкімдігі

Ұқсас жазбалар

Aerial shot of an oil tanker cruising through the ocean, emphasizing maritime transport.

ҚМГ растады: Қазақ мұнайын таситын танкерге дронмен шабуыл жасалды

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Каспий құбыр консорциумының терминалы маңында қазақстандық мұнай таситын танкерге дрон шабуылы жасалғанын…

Қазақстанда газ тапшылығы болмай ма? Тоқаев «QazaqGaz» басшысына маңызды міндет жүктеді

Президент Тоқаев «QazaqGaz» басшысы Әлібек Жамауовты қабылдады. Кездесуде Астананы газдандыру, жаңа кен орындарын игеру мәселелері…

АҚШ Иранға соққы беруге дайындалып жатыр: Сарапшылар жақын арада соғыс басталатынын болжады

Америкалық сарапшылар АҚШ-тың Иранға қарсы әскери операция бастауға дайындалып жатқанын хабарлады. Соққы бір апта ішінде…