Бүгін Оралда қаласындағы «Ақжайық» шағын ауданында кәріз-сорғы стансасының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Оның ашылу салтанатына өңір басшысы Нариман Төреғалиев қатысты деп хабарлайды zhaiyqmedia.kz ақпараттық порталы Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Categories
Басты тақырып
Оралда жаңа кәріз-сорғы стансасы іске қосылды

Бұл – тек инженерлік инфрақұрылым нысаны ғана емес, 50 мыңнан астам тұрғыны болады деп жоспарланған жаңа шағынауданның заманауи әрі жайлы өмір сүруіне бағытталған маңызды қадам.
«Ақжайық» шағынауданы – болашағы зор, дамып келе жатқан аумақ. Мұнда 76-дан астам көпқабатты тұрғын үй, 3 мектеп, 3 балабақша, 3 аурухана мен емхана салу жоспарланған. Қазіргі таңда 8 көппәтерлі үй мен 150 орындық оңалту орталығының құрылысы аяқталған, тағы 2 тоғыз қабатты тұрғын үй мен су көтергіш сорғы станциясы бой көтеріп жатыр.
Кәріз-сорғы станциясы шаруашылық-тұрмыстық ағындар мен жауын-шашын суларын тиімді бұруға мүмкіндік береді. Бұл тек Ақжайық тұрғындары үшін ғана емес, жалпы Орал қаласының экологиялық және санитарлық қауіпсіздігі үшін стратегиялық нысан саналады.
Құрылысты «KazConstructionGroup» ЖШС мердігер ұйымы жүзеге асырды. Жобаның қуаттылығы – сағатына 833 м³, тәулігіне 20 000 м³.
Жобаның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, тұрғындарды сапалы кәріз жүйесімен қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік жағдайы мен денсаулығын жақсарту.