Батыс Қазақстан облысының Орал қаласындағы «Жайық Арена» спорт кешенінде самбодан әлем чемпионы, әлем кубогының иегері, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Асқар Шайхиевті еске алуға арналған дзюдодан ашық республикалық турнир өз мәресіне жетті.
БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, жарысқа түрлі өңірден келген спортшылар қатысып, төмендегідей жеңімпаздар анықталды.
🥋 Әйелдер арасында жеңімпаздар:
–70 кг:
🥇 Гүлнұр Баханова (Ақтөбе)
🥈 Сәуле Қожасова (Қызылорда)
🥉 Ева Огнинова (Ресей), Күлзира Мәмбетова (Қостанай)
–78 кг:
🥇 Шынар Абатова (Қызылорда)
🥈 Махаббат Жеңіс (Ақтөбе)
🥉 Аружан Жандарбай (Атырау)
+78 кг:
🥇 Әсел Қазиева (БҚО)
🥈 Ақнұр Әшіммырза (Шымкент)
🥉 Әлия Ходжаназарова (Маңғыстау), Алина Өмірбек (Шымкент)
🥋 Ерлер арасында жеңімпаздар:
–81 кг:
🥇 Аңсарбек Ғайнуллин (БҚО)
🥈 Нұрдәулет Бақтыбайұлы (Шымкент)
🥉 Нұрбек Мұрат (Ақтөбе), Мейіржан Жұмабек (Астана)
–90 кг:
🥇 Айбол Нысанәлі (Шымкент)
🥈 Нұржан Бисенов (Ақтөбе)
🥉 Даниил Крылов (БҚО), Ақжол Дүйсенбаев (Қарағанды)
–100 кг:
🥇 Жалғас Серіков (Алматы облысы)
🥈 Қазыбек Рақишев (Алматы қ.)
🥉 Нұрымжан Ғаббасов (БҚО), Шыңғысхан Медетов (Шымкент)
+100 кг:
🥇 Мейіржан Әбдімәліков (Шымкент)
🥈 Нұрдәулет Жарылғапов (Маңғыстау)
🥉 Дәурен Мейрамбеков, Дінмұхаммед Нысанбай (екеуі де Қызылорда)
🚗 Бас жүлде – автокөлік!
–70 кг салмақта жеңіске жеткен Ақтөбе облысының спортшысы Гүлнұр Баханова турнир жеңімпаздары арасындағы жеребе арқылы бас жүлде – автокөлікке ие болды.
Салтанатты марапаттау рәсімінде БҚО әкімі Нариман Төреғалиев жеңімпазға автокөлік кілтін табыстады.