Categories Спорт

Оралда Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованы еске алуға арналған халықаралық каратэ турнирі өтті

Фото. БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы

2025 жылдың 15–18 мамыры аралығында Орал қаласындағы «Жайық Арена» спорт кешенінде Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованы еске алуға арналған X халықаралық «Akzhaiyk Open WKF» каратэ турнирі табысты өтті.

Турнирдің салтанатты ашылу рәсіміне Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, «Қазақстан Каратэ Федерациясы Одағы» ЗТБ вице-президенті Болат Хавлахат, сондай-ақ еліміздің каратэ спортындағы танымал мамандары мен ардагерлері қатысты.

Жарысқа Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Грузия, Ресей және Қазақстанның 22 өңірінен барлығы 1000-ға жуық спортшы қатысты. Бұл турнир – WKF (World Karate Federation) ережесіне сай өткізілетін халықаралық деңгейдегі беделді бәсекелердің бірі саналады.

Турнир барысында Батыс Қазақстан облысының жас спортшылары тамаша нәтижелер көрсетіп, бірнеше жүлделі орындарға ие болды.

Жекелей нәтиже:

  • 🥇 Тұрарбеков Сержан – 10–11 жас, ката
  • 🥇 Телеген Айзере – 10–11 жас, ката
  • 🥈 Темірбек Айлин – 8–9 жас
  • 🥈 Балгабаева Айкеркем – 12–13 жас
  • 🥈 Сериков Эмир Ринатович – 6–7 жас, ката
  • 🥉 Шукат Максат – 10–11 жас, ката
  • 🥉 Тұрарбек Сабина – 6–7 жас
  • 🥉 Музамеджанов Арлан – 8–9 жас, -30 кг
  • 🥉 Құмар Мөлдір – 10–11 жас, -45 кг
  • 🥉 Еділ Әбілмансұр – 6–7 жас, -23 кг
  • 🥉 Қойшасова Сабина – 10–11 жас, -40 кг

Командалық нәтиже:

  • 👧 Қыздар (14–17 жас, ката) – 🥉 орын
    Құрамы: Әсет Милана, Өтегалиева Аянат, Чубукина Виктория
  • 👦 Ұлдар (14–17 жас, ката) – 🥉 орын
    Құрамы: Шоқат Саят, Азаматұлы Нұрхат, Ақылбек Бақытжан

Командалық есеп қорытындысы:

1орын – Шымкент қаласы
2 орын – Жамбыл облысы
3 орын – Астана қаласы

Ұқсас жазбалар

Оралдық дзюдошы Фатима Сұпығалиева – Азия ойындарының чемпионы атанды

Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының намысын қорғаған оралдық спортшы…

Алматыдағы тарихи ойын: «Қайрат» – «Реал Мадрид» 0:5 есебімен аяқталды

Алматыдағы Орталық стадионда өткен УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі «Қайрат» пен мадридтік «Реал Мадрид» арасындағы…

«Қайрат» – «Реал Мадрид»: Алматыдағы тарихи матчта Мбаппе хет-трик жасап, Камавинга төртінші голды соқты

Алматыдағы тарихи матчта Мбаппе хет-трик жасап, Камавинга төртінші голды соқты Алматыдағы Орталық стадионда УЕФА Чемпиондар…