Орал қаласында тұрғындар жиі баратын қоғамдық орындар жаңарып жатыр. Қазіргі таңда С.Датұлы атындағы алаң мен Батыр қыздар алаңында жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Жоба аясында:
- алаңдардағы өрнектастар толық ауыстырылып,
- жарықтандыру жүйесі жаңартылып, заманауи шамдар орнатылды,
- тұрғындар үшін жаңа орындықтар мен қоқыс жәшіктері қойылды.
Сонымен қатар Батыр қыздар алаңында ұзындығы 75 метр болатын арық жүйесі қайта жасалды.
Қала әкімдігінің хабарлауынша, жұмыстардың негізгі бөлігі аяқталып, екі алаң жақын күндері тұрғындардың игілігіне ұсынылады.
Жаңарған демалыс орындары оралдықтар үшін жайлы серуен құратын, балалар ойнап, ересектер тынығатын қолайлы орталыққа айналмақ.

