Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысқандарды марапаттады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысып, нақты ісімен Отан алдындағы адалдығын дәлелдеген бір топ азаматты марапаттады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Марапатталғандардың қатарында еріктілер, қоғам белсенділері мен экоактивистер бар. Олар ерекше үлгі көрсетіп, өзгелерді де тазалыққа шақырды.

«Біздің ортақ үйіміз – Қазақстан. Тазалық – әр азаматтың парызы. Осы бастамаға үн қосқандардың еңбегі зор», – деді Мемлекет басшысы.

Акция аясында бүкіл ел бойынша мыңдаған адам тазалық шараларына қатысып, қоқыстар жиналып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Марапаттау рәсімі Астанада өтті.

Ұқсас жазбалар

Сахара шөлінде жүк көлігі бұзылып, 49 адам қаза тапты

Сахара шөлінде, Нигердің солтүстігінде кем дегенде 49 адам шөлге шыдамай қайтыс болды. Олар мінген жүк…

Астанада екінші әуежайдың орны туралы ақпарат жалған болып шықты

Астана әкімдігі екінші әуежайдың орны туралы тараған ақпаратты жоққа шығарды. Аталған аумақ қала шекарасына кірмейді,…

Астанада LRT-ның «Жібек жолы» станциясы ашылды

Астанада LRT-ның «Жібек жолы» станциясы жолаушылар үшін есігін ашты.