Щучинскідегі дәмханадағы газ жарылысы бойынша тергеу аяқталды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Щучинскідегі дәмханада болған газ жарылысына қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға биылғы жылдың ақпан айында орын алған. Жарылыс салдарынан 12 адам қаза тауып, 11 адам жарақат алған.

Прокуратураның хабарлауынша, қылмыстық жауапкершілікке дәмхананы жалға алушы, жанармай құю бекетінің директоры және газды жеткізген азамат тартылған. Олардың іс-әрекеттері өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу және қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету баптары бойынша сараланған.

Іс бойынша түпкілікті шешімді сот қабылдайды.

Ұқсас жазбалар

Қазақстан аумағы арқылы 13 ірі халықаралық көлік дәлізі өтеді

Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-логистика саласы еліміздің ұзақмерзімді даму стратегиясындағы маңызды бағыттардың бірі екенін айтты.

Президент Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші отырысын өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізіп, экономика мен саяси бағытты жаңа…

Астанада «Таза Қазақстан – Таза Астана» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Астана күні қарсаңында елордада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған «Таза Қазақстан – Таза…