Орал қаласында 35 млрд теңгеге жол мен көпір құрылысына дайындық басталды

Бұл туралы жол мен көпір салынатын учаскеде «капсула» салу рәсімінде белгілі болды. Капсуланы ашу мерзімі — 2076 жылдың 3 сәуірі. Шараға өңір басшысы Нариман Төреғалиев пен BI Group холдингінің акционері Бауыржан Исабаев қатысты.

Шаған өзені арқылы өтетін жол мен көпір құрылысының бас мердігері — Казахдорстрой ЖШС, ал жобалаушы — КаздорНИИ АҚ.

Жоба жетекшісі Андрей Негрийдің айтуынша, келісімшарт наурыз айының соңында жасалған.

— Жобаны кезеңдерге бөлу ықтималдығы бар. Қазіргі уақытта тапсырыс берушілермен жұмысты мүмкіндігінше ертерек бастау үшін келіссөздер жүргізілуде. Негізгі құрылыс жұмыстары 2027–2028 жылдарға жоспарланған. Биыл тек дайындық жұмыстары мен аумақты тазалау жүргізіледі. Нысанды 2028 жылдың соңына дейін тапсыру жоспарланып отыр. Көпір кеме жүретін болады, оған кірме жолдар, тротуарлар және жарықтандыру қарастырылады. Егер учаскеде инженерлік желілер анықталса, олар көшіріледі, — деді Андрей Негрий.

«КаздорНИИ» басқарушы директоры Андрей Чжен институттың ҚР Көлік министрлігіне қарасты ұйым екенін және министрдің тапсырмасы бойынша жобалау жұмыстары басталғанын айтты.

— Жол құрылысы 3,96 шақырымды қамтиды. Ол төрт жолақты қозғалысы бар I санат параметрлері бойынша салынады. Шаған өзені арқылы өтетін көпірдің ұзындығы 220 метр болады. Өткізу қабілеті тәулігіне 40 мың көлікке дейін жетеді. Бұл жол Ақтөбе — Орал тасжолына тікелей әрі ыңғайлы шығуға мүмкіндік береді, әрі қарай Ресейге, соның ішінде Еуропа бағытына жол ашады. Жоба аясында қозғалыс жыл бойы тұрақты әрі үздіксіз болады. Жобаның болжамды құны — 35,8 млрд теңге. Көпір заманауи әдістермен, отандық материалдардан салынады. Жобаны 2026 жылдың қыркүйегінде сараптамаға тапсыру жоспарланып отыр. Нысан «кілтпен тапсыру» форматында болғандықтан, басқа жұмыстар да қатар жүргізіледі. Қазірдің өзінде дайындық жұмыстары басталды, — деді Андрей Чжен.

Сондай-ақ осы аптадан бастап нысанда топографиялық түсірілім жұмыстары жүргізіле бастайды.

Ұқсас жазбалар

ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ КЕҢЕСШІСІНЕ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРЛІК ЖОЛ КАРТАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БАЯНДАЛДЫ

ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі Ермек Маржықпаев пен облыс әкімі Нариман Төреғалиев Оралдағы жылу электр орталығында болды.…

БҚО-да қаланы көгалдандыруға арналған ғылыми ұсынымдар таныстырылып, оқыту семинары өтті

Орал қаласында қалалық аумақтарды көгалдандырудың заманауи тәсілдеріне арналған білім беру іс-шарасы өтті. Шараға көгалдандыру үдерістеріне…

БҚО әкімі тұрғындармен кездесті: Баспана, инватакси және жаңа жол мәселесі талқыланды

БҚО әкімі Нариман Төреғалиев тұрғындармен кездесті. Қабылдауда баспана, инватакси, жол құрылысы және экология мәселелері көтерілді.