Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде болған жер сілкінісінен кейін ешқандай қирау немесе зардап шегу дерегі тіркелген жоқ. Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары барлық маңызды нысанды тексеріп шықты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.
Жер асты дүмпуінің эпицентрі Алматы қаласынан 74 шақырым жерде орналасқан. Алматыда оның күші 2-4 балл шамасында сезілді.
Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі шұғыл әрекет етіп, өңірдегі жағдайды бақылауға алды. Құтқарушылар гидротехникалық құрылыстарды, сел жүру қаупі бар аймақтарды және халықтың тіршілігін қамтамасыз ететін нысандарды толықтай тексерді.
Тексеріс нәтижесінде ешқандай нысанның бүлінбегені анықталды. Барлық инфрақұрылымдық жүйелер қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Фото: Әлеуметтік желіден

