Оңтүстік Корея прокуратурасы елдің бұрынғы президенті Юн Сок Ёльді өлім жазасына кесуді сұрады. Оған «мемлекеттік құрылысты бұзу мақсатында бүлік ұйымдастырды» деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.
«Ренхап» агенттігінің хабарлауынша, айыптаушы тарап Юн Сок Ёльдің 2024 жылдың желтоқсанында соғыс қаупі болмаса да, елде әскери төтенше жағдай жариялағанын алға тартады.
Сол кезде Юн бұл қадамды «мемлекетке қарсы» оппозициядан қорғану үшін жасағанын, себебі олар үкімет жұмысын тоқтатқанын мәлімдеген. Алайда әскери жағдай бірнеше сағаттан кейін-ақ жойылды.
Кейін парламент екінші талпыныста президентке импичмент жарияласа да, оны қызметінен біржола Конституциялық сот қана шеттете алды.
Юн Сок Ёль өзіне тағылған айыпты мойындамады. Оның әйелі де қамауға алынған. Мемлекеттік төңкеріс жасауға бағытталған сәтсіз әрекет Оңтүстік Кореяда ауқымды саяси дағдарысқа әкелді.
Нәтижесінде 2025 жылдың жазында өткен кезектен тыс президент сайлауында оппозициялық Демократиялық партияның кандидаты Ли Чжэ Мён жеңіске жетті.

