Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарында 8 ақпан күні Қазақстан құрамасы спорттың екі түрінен жарысқа шығады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.
Астана уақытымен сағат 16:30-да шаңғы жарысынан скиатлон бәсекесі басталады. Бұл сында еліміздің атынан Әмірғали Мұратбеков, Виталий Пухкало және Наиль Башмаков өнер көрсетеді.
Ал 18:00-де биатлоншылар жарыс жолына шығады. 4х6 шақырымдық аралас эстафетаның финалында Әсет Дүйсенов, Владислав Киреев, Айша Рақышева және Милана Генева сынға түседі.
Жарыстарды «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Фото: Әлеуметтік желіден

